Үкімет • 01 Қыркүйек, 2017

Бақытжан Сағынтаев Ұлыбритания сыртқы істер министрімен кездесті 

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлыбританияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Алан Данканмен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 

Бақытжан Сағынтаев Ұлыбритания сыртқы істер министрімен кездесті 

Кездесу барысында сауда-эконо­ми­калық, құқықтық, мәдени-гуманитарлық сала­ларда, сондай-ақ көлік, транзит және аза­маттық авиация салаларындағы екіжақ­ты ынтымақтастықты нығайту мәселелері тал­қыланды.

Айта кету керек, Ұлыбритания Қазақ­стан­ға салынған тікелей инвестициялар көле­мі бойынша 6-орында (12,27 млрд дол­лар) және өзара сауда көлемі бойынша 14-орында тұр. 

2017 жылдың бірінші жарты­жыл­дығында өзара сауда көлемі 647,4 млн АҚШ долларын құраған, бұл өткен жылдың көр­сеткішінен 16%-ға жоғары (543,6 млн доллар). 2016 жылдың қорытындысы бо­йынша өзара сауда көлемі 1,26 млрд долларға жеткен. 

Қазақстанда британдық үлес­­тің қа­тысуымен 800-ден ас­там заң­ды тұлға, бөлімшелер мен өкіл­діктер тіркелген. 2005 жыл­дан бас­тап 2017 жылдың 1-тоқ­саны ара­лы­ғында Ұлы­бри­­таниядан Қазақ­стан­ға келіп тү­скен тікелей инвес­ти­ция­лар­­дың жалпы түсімі 12 278,2 млрд АҚШ долларын құрады.